Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азиада-2026: Боксшы Алуа Балқыбекова қола жүлде жеңіп алды

10:10, 30 қыркүйек 2026

Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.

Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.

Алда әлі Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар