Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азиада-2026: Балуан Эльмира Сыздықова күміс жүлдегер атанды

21:00, 02 қазан 2026

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, 76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты.

Белдесу 5:1 есебімен Жапония өкілінің пайдасына аяқталды.

Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар