Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

AZAL ұшағының апаты: Әзірбайжан СІМ Ресей тарапына наразылық білдіріп, ашықтықты талап етті

11:00, 03 шілде 2025 289

Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында және Facebook парақшасында Әзірбайжан мен Ресей арасындағы шиеленістің өршуіне қатысты бірнеше мәлімдеме жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Олардың бірі Маңғыстауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдарына тиесілі ұшаққа қатысты.

Әзірбайжан мен Ресей арасындағы шиеленістің жаңа кезеңі Екатеринбургте әзірбайжандық қауым өкілдерінің қаза табуынан кейін күшейе түсті. Баку олардың өлімі — қасақана кісі өлтіру деп санайды. Сафаровтар бауырларын өлтірген деген сенім бар.

Бұдан көп ұзамай, Бакуде «Спутник — Әзірбайжан» агенттігінің бірнеше қызметкері ұсталды. Ел ішінде олар «жасырын жұмыс істеген ФСБ қызметкерлері» деп аталды.

Сондай-ақ Әзірбайжан полициясы бірнеше ресейлікті ұстады. Оларға есірткі саудасы мен кибералаяқтық айыптары тағылды. Бакуде ұсталғандардың зорлық-зомбылық іздері бар кадрлары жарияланды.

Осы күндері Minval Politika порталы ресейлік капитанның AZAL ұшағына жасалған соққы жөніндегі түсіндірме жазбасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы желтоқсанда капитан Грозныйға жасалған дрон шабуылы кезінде әуе нысанын жою туралы бұйрық берген. Бұл жазбаның мазмұнын The Insider талдады.

Кеше (2 шілде) Ресейдің Әзірбайжандағы елшісі Михаил Евдокимов Әзірбайжан СІМ-не шақырылды. Онда Баку Мәскеумен арадағы қатынаста көңіл толмайтын жайттарды жеткізді. Сондай-ақ AZAL ұшағының апатқа ұшырау мән-жайына тағы да назар аудартып, БАҚ-тағы ақпараттық манипуляцияны тоқтатуды талап етті.

Әзірбайжан СІМ мәлімдемесінің негізгі түйіндері (қысқаша):

— Баку Мәскеуден ұшақ апатына қатысты толық және ашық тергеу жүргізуді, барлық объективті мән-жайларды мойындауды, кінәлілерді жазалауды және зардап шеккендерге өтемақы төлеуді талап етеді. Бұл қадамдар елдер арасындағы теріс әсерді жоюда маңызды рөл атқарады.

— «Sputnik — Әзірбайжан» қызметкерлерін ұстау жөнінде ресейлік тараптың «еш негізсіз» деген мәлімдемелерін Әзірбайжан СІМ қабылдамайды. Министрлік олардың ұсталуына қатысты барлық шаралар ел заңнамасына сай жүргізілгенін мәлімдейді. Тергеу жүріп жатыр.

— СІМ Екатеринбургте қаза тапқан азаматтарға қатты алаңдайтынын білдірді. Ресейдегі рейдтер мен БАҚ-тағы жарияланымдар туралы айта отырып, «этностық қылмыстық топ» секілді тіркестерді қолдану — төзбеушілік пен араздықтың белгісі екенін ескертеді.

Баку Мәскеуге елдер арасындағы шиеленісті азайту үшін қажетті барлық шараларды қабылдауды ұсынады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар