Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауылда "бандитизм" жайлағаны туралы...": Талғардағы Рысқұлов ауылының тұрғындары халыққа үндеу жолдады

15:45, 14 қазан 2024 919

Талғар ауданы, Рысқұлов ауылында (бұрынғы Хутор) шамамен 60 шақты адам жиналып, жұртқа видеоүндеу жазды деп хабарлайды Alash.KZ.

Видеоүндеуде ауыл тұрғындары ел арасында тараған ауылда "бандитизм" жайлағаны туралы ақпаратты теріске шығарды.

Ауылға қатысты теріс пікірлерге наразы болған олар, қоғамдық тәртіптің бұзылмағанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғындары Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қайғылы оқиға болған жерден түсірілген бейнежазбаны жариялауды талап етіп, өтініш жасады.

«Біз кімнің төбелесті бастағанын білеміз және шындықтың ашылғанын қалаймыз. ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтан оқиға орнынан түсірілген жазбаларды жариялауды сұраймыз», — деді бүгін мешіт жанында жиналған ауыл тұрғындарының бірі Қайрат Айтжанов.

Оның айтуынша, бұл жазбалар ауылдағы жағдайға қатысты алып-қашпа әңгімелерді тоқтатуға және жанжалдың шынайы себептерін көрсетуге көмектеседі.

Ауыл тұрғындары бейнежазбаға түсіп, «бандитизм» туралы өсек-аяңдарға қарсы өз пікірлерін білдірді. Олардың айтуынша, мұндай әңгімелер ауылдың беделіне нұқсан келтіруде, ал ауылда еңбекқор және бейбіт тұрғындар өмір сүреді.

Жиын бейбіт түрде өтті, ал полиция қауіпсіздік шараларын күшейтті. Тұрғындар өздерінің өтініші әділдікті қалпына келтіруге және ауылдың беделін жақсартуға септігін тигізеді деп үміттенеді.

Оқиға орнында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Жағдай тұрақты. Ақпарат бойынша әлі де толықтыру болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар