Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауруханаға барып, бетінен сүйіп шықтым". Ақын Құрманай Бақтиярқызының қызы анасы жайлы толғанды

09:51, 02 қараша 2024 2499

Белгілі ақын Құрманай Бақтиярқызының тұңғыш баласы анасының қазақсына қатысты жазба арнап, шер тарқатты, деп хабарлайды Alash.KZ.

Марқұм ақынның қызы бет әрлеуші болып қызмет атқарады. Ол екі күн бұрын туған күнін тойлаған. Соңғы сәттерде анасының жанынан табылғанын жеткізді: 

Өзімнің туған күнімде маған жарық дүние сыйлаған анамды ауруханаға барып, бетінен сүйіп шықтым. Алланың ісіне шара жоқ. Өзі беріп, қайтадан шақырып алды. Мәңгілік сапарына шығарып салдым. Жарқыраған күн еді, менің арқа сүйерім еді ғой… Бәрін жүректен шыққан сөздерімен жұбататын. Жаназа кезінде үйден ғұсылын алдырып, сұлу боп шыққанда қимастық сезім қатты қысты. Раббыма көп дұға айттым. Періштелер әдемі иісімен күтіп алатындай етіп, шығарып салдым. Анашыммен жасалған қаншама ниетім бар еді. Меккеге бірге барамыз деп армандап едік. “Анашым, сәждеге маңдайың тиді. Енді бірге намаз оқиық, қара тасты бірге ұстап тілек айтамыз” деп едік. Жүрегіңнің иманы өзіңе серік болсыншы, – деп жазды Ханшайым есімді ару.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар