Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты (ФОТО)

16:44, 05 қазан 2026

Жыл басынан бері Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Барлығы 17 экологиялық акция өткізілді, оның ішінде 15 сенбілік тағы бар. Олардың барысында аудан аумағынан шамамен 4,6 мың текше метр қоқыс шығарылып, 320 түп ағаш егілді.  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Абзал Егембердиев осылай деді.

Экологиялық акцияны өткізумен қатар, ауданда аумақтарды күтіп ұстау жұмысы да жақсы жолға қойылған. Күн сайын 256 шақырым көше-жол желісі, 129 га жасыл қор мен 971 аула аумағы тазаланады. Бұл жұмысқа 840-тан астам жұмысшы мен 200 арнаулы техника жағы жұмылдырылған.

Жасыл желекті күтіп-ұстау да назарда. Биыл 33 мың ағашқа санитарлық кесу жұмысын жүргізу жоспарланған, оның 32 мыңында жұмыс аяқталды.

Сондай-ақ Әуезов ауданында 1 957 контейнері бар 293 контейнер алаңы орналасқан, оның ішінде 1 600-і жер астына тереңдетілген контейнерлер. Оларды күн сайын тазалайды. Бұдан бөлек, тағы 10 жер астына тереңдетілген контейнер алаңын орнату жоспарланып отыр.

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында жыл басынан бері 17 экологиялық іс-шара өтті. Тұрғындардың мұндай акцияға қатысуы аудан аумағын күтіп ұстауға сеп болады», – деп қорытты Абзал Егембердиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар