Әлеуметтік желіде Атырауда зейнеткер қайтыс болып, 1 ай көлемінде пәтерінде қараусыз қалғаны, кейін мысықтар денені талап тастағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқырмандар WhatsApp чаттарда тарап кеткен видеоны редакцияға жолдады. Олардың сөзінше, бұл жағдай Атыраудағы Авангард шағынауданында болған.
"Атыраулықтардың чатында тарап жатыр. Зейнеткер қайтыс болып, пәтерінде үш мысығы жеп тастаған дейді", - деп жазылған хабарламада.