Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда жастар арасында жантүршігерлік төбелес болды - Қаза тапқандар бар

08:53, 07 қаңтар 2025 1060

29 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 05:00-де Құрманғазы ауданына қарасты Жаңаауыл ауылында жаппай төбелес болып, соның салдарынан бір жас жігіт қаза тапты. Тағы екі адам ауруханада жатыр, ал жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңаауыл тұрғындарының айтуынша, қаза тапқан жігіт көршілес Сафоновка ауылынан болған. Екі жыл бұрын Жаңаауылда бар ашылғаннан кейін бұл жер көршілес ауылдардың жастары арасында танымал орынға айналды. Сол кезден бастап Жаңаауыл жастары мен Сафоновкадан келгендер арасындағы қақтығыстар жиілеп, жиі төбелеске ұласып отырған.

“Оның үй маңында атылғаны шындыққа жанаспайды. Ол Сафоновка ауылынан, төбелес Жаңаауылда болып, сол жерде қаза тапты”, – дейді ауыл тұрғындары.

Қайғылы оқиға күні шамамен қырыққа жуық Сафоновка тұрғыны үш көлікпен Жаңаауылға келген. Олардың арасындағы жанжал сол жерде болған тоғыз жергілікті тұрғынмен сөзге келуден басталған. Ауызша кикілжің тез арада жаппай төбелеске ұласып, оның соңы трагедиямен аяқталды: 29 жастағы Сафоновка тұрғыны атылған оқтан көз жұмды.

Атырау облысының полиция департаменті 30 жастағы ер адамның кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ аудандық ауруханаға әртүрлі жарақат алған 20 және 33 жастағы екі азамат жеткізілген.

Оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген жеті адам полиция тарапынан ұсталды. Тергеу барысы мен оқиғаның нақты мән-жайы әзірге жарияланбады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар