Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда 40 адам эвакуацияланды

18:10, 15 қыркүйек 2024 124

Не үшін қауіпсіздік шарасы қабылданғаны да белгілі болды.

Атырау қаласында өрт кезінде 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Alash.kz Halyq.Uni

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, И.Тайманов көшесі бойындағы 9 қабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаз жанды.

ТЖД күшімен өрт мүмкіндігінше қысқа мерзімде пәтердің басқа үй-жайларына таратылмай 12 шаршы метр алаңда сөндірілді. Сондай-ақ, баспалдақпен 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.

ТЖМ «түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болыңыз, ащы түтінмен бірнеше рет тыныстау адамды өлімге әкелуі мүмкін» деп ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар