Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда ер адам қаныпезерлікпен күшікті ұрып, айналадағы балаларды шошытты (ВИДЕО)

18:09, 22 мамыр 2024 583

Атырау қаласындағы қатыгездік көрінісі әлеуметтік желі арқылы тарады. Бейнекадрлардан байқағанымыздай, ер адам балабақша аумағында жүрген күшікті аяусыз, асқан қатыгездікпен ұрып-соққан, деп  хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Қаныпезерлікті сипаттайтын оқиға кеше, 2024 жылғы 21 мамырда, Атырау қаласындағы бір балабақша аумағында оқиға болды. Ер адам балалармен ойнаған кішкентай күшікті аяусыз ұрып тастады. Ер адамның "жабайы" әрекеті барлық тұрғындар мен балаларды таңғалдырды.

Күшікті еріктілер алып, ветеринарлық клиникаға апарды. Қазір адам қолынан зиян шеккен күшіктің жағдайы бірқалыпты екені айтылып жатыр. "Жақсы жүрек" еріктілер тобының өкілдері күшіктен бас миы жабық жарақатын анықталғанын хабарлайды.

Атырау облысының полиция департаментінде үй жануарларына қатысты қатыгездік фактісі бойынша құжаттар жинау жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?