Діни шара Алматыгенпланның «Q-Lab» конференция залында өтті, бұл еліміздің Конституциясы күніне орайластырылған Алматы Діни бірлестіктерінің көшбасшылары клубының салтанатты жиналысы екенін айта кетейік.
Діни шараға Алматы қаласында тіркелген, оңтүстік астанада жұмыс жасайтын діни бірлестіктердің басшылары келіп қатысып, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды. Жиналыста не айтылды?
Мемлекеттік мерекеге орай бас қосқан діни ұйым көшбасшылары мен әртүрлі дін өкілдері, жиналысқа қатысушылар еліміздегі конституциялық құрылыстың маңыздылығын талдап, Қазақстан Конституциясында бекітілген мемлекеттің зайырлы құрылымы қағидатына айырықша мән бере сөйледі, дін мен конституция құрылымы туралы кеңінен талқылады.
Діни бірлестіктердің көшбасшылары клубының күн тәртібіне сәйкес жоба жоспары талқыланды, яғни биылғы бірінші жартыжылдықтағы клуб жұмысының нәтижелері қарастырылып, алдағы уақытқа арналған жұмыстың жоба жоспарына сай маңызды нақтылаулар мен түзетулер, өзгертулер енгізілді. Солай діни бірлестік көшбасшылары мемлекеттің құрылымдары мен болашағы туралы келелі кеңес өткізіп, бұл үрдіс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратыны туралы уағдаластықпен түйінделді.