Кремльде Владимир Путинмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев жұрттың ашуына тиді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Назарбаев тағы да Мәскеуде жүр дейді. Ағайын, күйініп отырмын. Ата-ау! Қойсаңызшы. Болды ғой. Не керек сізге? Иә, қазаққа жасаған жақсылығыңыз бар. Бірақ қазақты өз заманында тентіретіп кеттіңіз ғой, Ата… Ақиқат қой. Сіздің кесіріңізден қазір қазақтың жастары құл болып Кореяда жүр. Құл болып Англияда клубника теріп жүр.
Ата, білесіз бе? Бүкіл байлықты өзіңіздің еншіңізге тықтыңыз ғой. Туысқандарыңыз бүкіл Қазақстанның бастаған тірлігін өздеріне тартып алды. Рас. Қазақтың атом бомбасын 1992 жылы алдыңыз да, “бізге ол керек емес”деп Ресейге бере салдыңыз. Қазақ ешкімге қарсы сөз айта алмайтындай дәрежеге түсіріп кеттіңіз ғой… Ол ештеңе емес… Қазақтар өзінің жерінде еңсесін тік ұстап жүре алмайтындай халге түсірдіңіз ғой бізді, Ата…Білесіз бе? Қазір Аллаға шүкір, Тоқаевтың саясатының, дипломатиясының арқасында аман жүрміз. Расымен де, басқа біреу отырса анау жақта не болатынын білмеймін. Ата-ау! Неден дәмелісіз? Қызыңызды таққа отырғызғыңыз келіп жүр ме? Мен сізге айтайын! “Байтал шауып бәйге алмас”. Қазақ ешқашан қатынның алдында бас имеген. Қызыңызды таққа отырғызатын болсаңыз, Қазақстанда қазақ көрмеген көтеріліс болады. Ресейді ортаға сала бермеңіз. Ресейден қазір қазақ сіздің кезіңіздегідей қорықпайды. Ресейге “ләппай тақсыр” демейді. Осы сөзім үшін мені өлтіртетін шығарсыз, Ата. Бірақ ақиқатын айтайын. Менің жаным халқымнан артық емес…”,- деп күйінді Абзал Ибрашев.
Желі қолданушылары журналисттің пікірін қолдап, өз ойларын бөлісті.
“Өте дұрыс”, “Ащы шындық”, “Міне халықтың жан айқайы Абзалдың аузынан шықты ғой. Жарайсың бауырым. Аллаға шүкір, жалындаған жастарымыз бар екен ғой”, “Нағыз патриот ер азамат! Аман бол”,- деп жазды желі қолданушылары.