Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асхат Аймағамбетов: Айуандар ешқашан өзгермейді

15:40, 13 наурыз 2024 994

Бостандыққа шыққан педофилдерді өмір бойы бақылауда ұстау заңға ұсынылғанын, бірақ ол қолдау таппаған. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бірнеше апта бұрын өте маңызды заңды қабылдадық. Ол – педофилдерді өмір бойы бас бостандығанын айыру. Олар енді өмір бойы түрмеде отыруы керек. Бірақ бұл норма мұның алдында сотталған педофилдерге қатысты болмайды. Яғни алдында сотталғандар бостандыққа шыға береді. Біз бұған бір норманы ұсындық: енді бостандыққа шығатын педофилдерге әкімшілік қадағалау немесе пробациялық бақылауды енгізу», - деді Мәжіліс депутаты.

Ол тіпті, депутаттардың яғни, бостандыққа шығатын педофилдерді енді өмір бойы бақылауда ұстау, олар қайда жұмыс істейді, қай жерде тұрады, керек болса картаға шығару туралы ұсыныс жасағанын жеткізді.

«Өйткені бұл азғындар, айуандар ешқашан өзгермейді. Оны мен айтып отырған жоқпын, оны бізге ғылым көрсетіп отыр. Бұл түзету, бұл норма неге қолданылған жоқ?», – деді А.Аймағамбетов.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар