Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) желісінде ер адамның асылып тұрғаны түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Болжам бойынша, видео ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің автокөлігінен түсірілген. Сипаттамаларға қарағанда, оқиға Астанадағы ЛРТ ғимаратының маңында, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 19 мекенжайында орын алған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты:
"102-ге Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс нысанында асылып тұрған ер адам туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмды анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, мән-жайлар анықталуда", – деп мәлімдеді.