Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті

15:40, 24 сәуір 2025 151

Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Онда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп жазады Alash.KZ.

«Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. 

Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген Президенттің көңіл айтуында.

Ерлан Қошанов Әкім Таразидың артында қалған мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа рухани азық боларын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар