Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы ант берді

14:27, 04 наурыз 2024 384

Бүгін Астанада Лорд Ян Дункан Бернетт «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы ретінде ант берді.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен АХҚО Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті.

Жиынға АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммель, сондай-ақ АХҚО Сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.

Ресми жиында сөз сөйлеген Тоқаев бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналады. Осы орайда халықаралық стандарттарға сай тәуелсіз сот жүйесі бар АХҚО Соты негізгі рөл атқарады. Құрметті лорд Бернетт, Сізді осынау жауапты лауазымға тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Сіздің кандидатураңыздың таңдалуы АХҚО сот жүйесінің тұрақтылық және сенімділік қағидаттарын сақтауға бейіл екенін тағы да растайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар