Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асқан қатігездікпен жасалған: ШҚО-да күшікті өртеп жібергендердің видеосы тарады

Асқан қатігездікпен жасалған: ШҚО-да күшікті өртеп жібергендердің видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде тағы бір жантүршігерлік видео тарап кетті. ШҚО-да белгісіз біреулер күшікті қамап, оны тірідей өртеп жіберген, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеп.

Жол жиегінде өртеніп жатқан үйшікті өскемендік еріктілер байқап қалған. Ішін қараған кезде шынжырмен байланған өлі күшікті тапқан.

"Оны өртіп жіберген. Асқан қатыгездікпен жасалған: күшік үйшікте қамалып қалған, есігі жастықпен жабылған. Қолғап киіп жасаған, ол жерде шашылып жатыр, үйшік мықты, ал шынжыры жаңа", - деп жазылған видеода.

Полиция бұл жағдайға пікір білдірді.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 2
  • 1
  • 0
  • 0
  • 1
Жарнама
Соңғы жаңалықтар