Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әсел Қанай ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

14:39, 21 қыркүйек 2026

Каратэші Әсел Қанай ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер арасындағы -61 кг дейінгі салмақтың финалында әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай мен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азиада және Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы Гон Ли (Қытай) кездесті. Әлемдік деңгейдегі екі көшбасшы арасындағы тартысты жекпе-жекте 2:8 есебімен қытайлық басым түсті.

Бүгін жарыс барысында Әсел 3 жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді:

1/8 айналым: Актер Хумайра Антора (Бангладеш). Есеп: 9-1.

Ширек финал: Маралжингоо Пуревжав (Моңғолия). Есеп: 6-0.

Жартылай финал: Чакрия Ван (Камбоджа). Есеп: 3-0.

Кеше каратэден Жоламан Биғабыл (-55 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) чемпион атанған. Енді ертең Бэлла Самашева (-55 кг) мен Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) татамиге шығады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар