Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аса ірі алаяқтықпен 26 эпизод тіркелген” - Қазақтың Робин Гудына қатысты жаңа деректер шықты

15:28, 23 тамыз 2025 373

22 тамыз күні Алматы қаласында “Елге көмек” қорының жетекшісі әрі әлеуметтік желіде өзін “Қазақ Робин Гуды” деп таныстырған блогер Ілияс Сәриевтің ісі сотта қарала бастады. Онымен бірге серіктесі Ақтоты Дүйсеева да айыпталушылар қатарында отыр, деп жазады Alash.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Сәриев ресми жұмысы болмағанына қарамастан, қайырымдылықты сылтау етіп, жалған схема құрған. Ол әлеуметтік желілер арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз деген жалған ақпарат таратып, азаматтардан ақша жинаған. Қылмыстық істің материалдарында 26 эпизод тіркелген.

Мәселен, бір жағдайда жәбірленуші оған шетелде туысын емдету үшін қаржы жинау жөнінде өтініш білдірген. Алайда Сәриев науқанды ұйымдастыру үшін 1,5 миллион теңге талап етіп, сол соманың бір бөлігін алған.

Сонымен қатар, тергеу материалдарында Сәриев пен Дүйсееваның қажылық сапарына жолдама сатқаны көрсетілген. Олар әр адамға 500–600 мың теңге көлемінде баға ұсынып, Меккеде “элиталық қонақүй бөлмелерін” қамтамасыз етеміз деп сендірген. Бірақ бір жәбірленуші олардың уәделеріне сеніп, 1 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылған.

Қазіргі таңда айыпталушыларға Қазақстан Қылмыстық кодексінің “аса ірі көлемдегі алаяқтық” бабымен айып тағылып отыр. Сот процесі жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар