Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өткен 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Гран-приінің алғашқы кезеңіндегі сәтсіз өнерінен кейін жанкүйерлеріне арнап жазба жазды, деп хабарлайды Alash.kz.
Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандасымыз 10-орынға тұрақтап, жүлделі орындардан тыс қалды. Мұндай старттан кейін оңай тимегенін жасырмаған спортшы өз әлеуметтік желісінде іштегі өкініші мен алғысын білдірді:
«Әрқашан бәрі біз қалағандай бола бермейді. Мұз сырғанақ. Сондықтан мен сіздердің алаңдаушылықтарыңызды көріп, хаттарыңызды оқып отырмын. Әрқайсыңызға қолдау білдіргендеріңіз үшін өте алғыс айтамын. Маған тек жеңістерде емес, жеңілістерде де серік болғандарыңыз үшін рақмет, өйткені олар да жолдың бір бөлігі».
Оған қоса, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы спорттағы жеңілістің де өсу жолының ажырамас бөлігі екенін айтып, жанкүйерлеріне еңсесін түсірмей, алдағы бәсекелерге одан да артық дайындықпен әрі мықты болып оралуға ресми түрде уәде берді.