Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Арасында көз жұмғандар бар": "Дикий Арманның" қылмыстық тобы 24 адамды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған

05:15, 08 ақпан 2022 261

"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап кетіп,  күштеп ұстаған. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді,  деп хабарлайды Alash.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Ожаровтың айтуынша, бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі ұсталған. Сондай-ақ 21 адамның адам өлтіру, ұрлық, тонау баптары бойынша соттылығы бар болып шықты.

"Олардың арасында "Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның тобының мүшелері бар. Мен бұл айыпталушыға жеке тоқталамын. Оның қарулы адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап кетіп, күштеп ұстап отырған. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соғып, нәтижесінде бір адам қаза тапты. Сонымен қатар, қарақшылар бұған дейін 12-ші қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен", - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Әлеуметтік желілерде Жұмагелдиев босатылды немесе белгісіз жаққа жеткізілді деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таралып жатыр. Іс қосымша тергеу үшін арнайы прокурорларға жіберілді. Біз оны ҰҚК уақытша ұстау изоляторына ауыстырдық. Ол сонда қамауда отыр", - деп қосты Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы.

Айта кетейік, 2 ақпанда адвокаттар "Дикий" Арманның тергеу изоляторынан жоғалып кеткенін мәлімдеген. Кейін Жұмагелдиевтің басқа изоляторға ауыстырылғаны анықталды.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленді. "Дикий Арманды" ұстау сәтінің суреттері жарияланды. Оларға қарағанда ұстау операциясы қонақүйлердің бірінде болған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 254