Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшігі" қайда? (Видео)

10:52, 27 желтоқсан 2024 1279

Қара жәшік қайда, қара жәшікте не сақталады және шындыққа жетуге оның көмегі қаншалықты маңызды, деп жазады Alash.KZ сайты Азаттық материалына сілтеме жасап. 

Сұраққа авиасарапшы Серік Мұхтыбаев былай деп жауап берген:

🗣
"Қара жәшік дегенімізбен, оның түсі қызғылт сары болады. Әдетте ол ұшақта екеу немесе одан да көп болады. Біреуі қозғалтқыштың, жалпы системаның жұмысын, яғни техникалық параметрлерін жазады. Екіншісі кабинетте кім-кіммен сөйлескенін жазады. Олардың жермен байланысын, өзара әңгімесін жазады".

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев "Қара жәшікті Ресейдің төтенше жағдай қызметі заңсыз алып кетті" деп жазыпты. Бұл мүмкін бе?" деген сауалға Серік Мұхтыбаев:

"Бұл мүмкін емес. Себебі, біріншіден, бұл Қазақстанның аумағы. Екіншіден, апат аймағында ресми комиссия жұмыс істеп жатыр. Қара жәшіктер қазір осында. Алдымен, оның қай жерде, қалай оқылатыны туралы шешім шығуы керек. Мәселеге мүдделі тарап көп. Сондықтан, оны біреудің алып кетуі меніңше мүмкін емес" дейді.

Әлеуметтік желіге тарап жатқан ұшақтың шұрық-тесік видеолары туралы сарапшы не дейді?

"Ұшақ басқарудан айырылып қалғанын ғана айта аламын. Бұл ұшақта ұшқыштар басқара алатын үш гидравлика жүйесі бар. Видеоға қарағанда, осы жүйенің бәрі істен шыққандай көрінді. Яғни ұшақты тек қана қозғалтқыш қана алып келе жатты. Ұшқыш басқару мүмкіндігінен айырылса, жағдай әрине өте қиын болады. Қозғалтқышпен ғана басқару мүмкін емес. Сонда да әуежайға дейін жетіп, ұшақты аман-есен қондыруға тырысу ұшқыштардың кәсіби шеберлігіне айғақ. Осының арқасында артқы жақта отырған жолаушылар аман қалды", дейді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар