Аомори префектуралық әуежайына Жапонияның өзін-өзі қорғау әуе күштерінің F-35A бесінші буынының екі жойғышы шұғыл қонды, деп жазады Alash.kz сайты Inbusiness.kz cайтына сілтеп.
Kyodo агенттігінің жазуынша, мәжбүрлі қону ұшақтағы электроникаға байланысты болды. Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ әзірге.
Апатты жағдайға байланысты әуе айлағының ұшу-қону жолағы жабылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін 29 мамырда АҚШ Әскери-әуе күштерінің F-35 истребителі Альбукеркедегі халықаралық Санпорт аэродромының жанында апатқа ұшырағаны туралы хабарланған болатын.