Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ - Иран шиеленісі: «Жойып жібереміз!» Трамп ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

13:58, 12 желтоқсан 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын жалғастырса, елге әскери соққы беруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарын бақылауға алмаса, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмайтынын атап өтті.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи болса, уранды бейбіт мақсатта байытуды жалғастыра беретінін хабарлады. Бұл мәлімдеме маусым айында Израиль мен Иран арасындағы әскери қақтығыстан кейін АҚШ араласуымен жасалған бітімге қарама-қайшы болып тұр.

Трамп сөзінде:

«Иран өз бағдарламасын қайта бастай алады. Бірақ егер келісімге келмей, ядролық жобасын қайта іске қосса, біз оны толық жоямыз. Олардың зымырандарын да тез жойуға дайынбыз», — деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар