Нұргүл Мауберлинова Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.
Мауберлинова 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың 16 ақпанына дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. Оған дейін 2019-2020 жылдары Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің орынбасары, ал 2018- 2019 жылы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметін атқарды.
Дереккөз