Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмолалық әйел жедел жәрдем шақырып, кейін фельдшерге шабуыл жасады

17:00, 29 наурыз 2025 683

Степногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп жазды Alash.kz порталы.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі жедел жәрдем фельдшеріне тұра ұмтылған Степногорск қаласының тұрғыны жайлы мәлімдеді. 

Оқиға эпилепсия ұстамасы бар науқасқа көмек көрсету кезінде болған.

Тергеу мәліметінше, жедел жәрдемнің кешігіп келгеніне ашуланған әйел медицина қызметкерімен сөзге келіп қалған. Науқасты көлікке отырғызу сәтінде ол жедел жәрдем көлігіне кірмек болған. Алайда фельдшер оған рұқсат бермеген, себебі әйел науқастың жақын туысы саналмаған. Осы сәтте ашуға булыққан тұрғын фельдшерге жұдырық жұмсаған.

Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұған қоса, ол фельдшерге 90 мың теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар