Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмоладағы жантүршігерлік апат: төрт адам көз жұмды

08:57, 18 шілде 2025 133

Ақмола облысында орын алған ірі жол-көлік апаты төрт адамның өмірін жалмады, деп жазады Alash.kz.

Оқиға Екатеринбург – Алматы тасжолында болған. Аталған орында Chery және Nissan Patrol маркалы көліктер соқтығысқан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш адам сол жерде тіл тартрастан қаза болған. Ал, Chery көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 
Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан зардап шегуші елордалық ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң, заңға сай процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар