Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасы екеуін қарғады: Туған қыздарын зорлаған әкеге жаза тағайындалды

13:49, 25 шілде 2024 633

Қоғам ішінде үлкен резонанс тудырған оқиғаға нүкте қойылды. Алматыда туған әкесі өз қыздарын жылдар бойы зорлап келген. Айуан 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жайтты құқық қорғаушы Ләззат Рақышева парақшасында жазды.

Рақышеваның айтуынша, туған әкесі қыздарын 10 жасынан бастап зорлап келген. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қыздардың әкесі Ахмет Цулаевты 25 жылға соттады.

«Бүгін туған әкелері зорлаған екі қыздың сотына қатысып, сот үкімі шыққанша жүрегім ауырды. діл сот шешімі шыққанына қуандым. Ол қыздар мен бірге жылап алдым. Таңғы намазымда Алладан әділдікке жеттуімізді сұрадым. Алла дұғамды қабыл етті, соттан шыққанда екі қыз аспанға қарап жылап «Алла, рахмет саған» деді. Ал туған шешелері атып шығып екі қызын қарғап жатты. Ешқашан бүкіл әлемдегі балалар қорланып, зорланбасын, жыламасын!», – деп жазды Ләззат Рақышева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар