Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анашым ояншы, тұршы”. Атырауда әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген ер адам жайлы сұмдық дерек шықты

16:23, 22 тамыз 2025 281

Атырауда 39 жастағы Ляззат Тасқынбаеваның өліміне байланысты оқиғаға қатысты сұмдық дерек шықты, деп жазды  Alash.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, әйелді күйеуі өлімші етіп ұрып-соққан. Бұл жайлы әпеесі Майра айтып берді. Ляззат 14 жыл бойы некеде болған және екі қыз тәрбиелеп отырған. 

Туыстарының айтуынша, отбасылық зорлық-зомбылық жылдар бойы жалғасқан, бірақ Ляззат балалар үшін отбасын сақтап қаламын деп бәріне шыдап келген. Алайда 19 тамызда жанжал қасіретпен аяқталды — күйеуі әйеліне соққы беріп, оның бірі шүйде тұсына тиген. Әйел сол жерде көз жұмды, ал бұған оның өз қыздары куә болды.

«Олар анасының жанында отырып, жылап: “Анашым, ояншы, тұршы…” деп айтқан. Бірақ ол енді оларды ести алмады», — дейді Майра.

Марқұмның туыстарының сөзінше, болған жағдайдан кейін ер адам алдымен жедел жәрдемге емес, өз әпкелеріне қоңырау шалған. Кейін ғана оқиға орнына полиция келді. Туыстарының айтуынша, әуелде істі «жабуға» тырысқан, бірақ әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін қылмыс ресми түрде тіркелді.

Күдікті қамауға алынды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар