Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алтай Құлыбаев! "Сергектің" ақшасы кімнің қалтасына түседі?

19:41, 24 мамыр 2024 628

Қазақстанның автомобиль жолдарындағы ойлы-шұңқыр мен шұрқ-тесіктерден қашқан автокөлік иелеріне қит етсе аямай, орасан зор көлемде айыппұл салатын "Сергек" видеожүйесінің олигарх-қожайындарына мемлекеттік бақылау қажет!

Осылай деген қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов Respublica.kz сайтының инсайдерлік ақпаратына сүйеніп (https://respublika.kz.media/archives/22141) "Сергектің" шынайы бенефициары Тимур Құлыбаевтың ұлы Алтай Құлыбаев екенін мәлімдейді. 

"Аталмыш инсайд ақпаратты құзырлы органдар егжей-тегжейлі тексеру керек" дейді қоғам белсендісі. Сондай-ақ Құсайынов қазақстандықтарды петиция үндеуге қол қоюға шақырады.

"Сондықтан осы түйткіл мәселеге орай, "Сергек" жүйесінің аса жоғарғы айыппұлдарына байланысты,яғни Қазақстандықтарды сүлікше сорған олигархтардың тәбетіне тез арада тосқауыл қоюға шақыратын avaaz.org платформасына петиция жарияладым.

Нақтырақ айтсам, барша Отандастарымды осы петиция-үндеуге бірауыздан қол қоюға шақырамын" депті "Демос" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрарбек Құсайынов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар