Халық арасында AlmaU деп аталып кеткен Алматы менеджмент университеті бір студентінің қазасы туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Alash.KZ.
"Almaty Management University университетімізде студенттің қазаға ұшырағанын қайғырып хабарлайды. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр" деп жазылған 25 қыркүйекте оқу орны таратқан хабарламада.
Оқиға қай күні болғаны айтылмаған.
Оқу орны ақпарат құралдарынан тексерілмеген ақпарат таратпауды өтінген.