Алматыдағы бес адам қаза тапқан өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Қаза тапқандар арасында 64 жастағы әйел, оның 41 жастағы қызы және 2017 жылы туған қыз бала бар. Сондай-ақ Өзбекстанның екі азаматы көз жұмған, деп жазады Alash.kz.
Өрт шыққан бөлмеден бензин іздері табылған. Бұл арнайы құрылғының көмегімен анықталды.
Бейнебақылау камераларына қара күртеше мен сұр бас киім киген әйелдің өрттен бірнеше минут бұрын ғимаратқа кіргені түсіп қалған. Ол үйде көп бөгелмей, қайта шығып кеткен. Көп ұзамай ғимараттан түтін байқалған.
Әйелдің жеке басы анықталды. Қазір тергеушілер оның осы үйде тұрған ер адамдардың бірімен бұрын қарым-қатынаста болғанын тексеріп жатыр. Өртке қызғаныш немесе кек себеп болуы мүмкін деген болжам да қарастырылмақ.
Алматыдағы өртке қызғаныш немесе кек себеп болуы мүмкін
«Бишімбаевтың ісі тағы қайталануда. Дереу қамауға алу керек!»: Шудағы оқиға елді шошытты
14:32, 26 қараша 2026
Тұмау мен ЖРВИ белең алды: Елімізде мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберіле ме?
10:58, 26 қараша 2026
«Ресейдің ұлы держава ретінде алдыңғы қатарға шыққанына қуандым» – Қасым-Жомарт Тоқаев
09:46, 26 қараша 2026
«Алтын медаль жеңіп алды»: Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде топ жарды
22:00, 25 қараша 2026
«1 алтын, 2 күміс, 2 қола»: Отандық дзюдошылар Ташкентте бес медаль жеңіп алды
17:00, 25 қараша 2026