Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алматыда тұруға болмайды". Елеусізов 100 жылдан кейін Алматыда жер сілкінісі болатынын болжап отыр

13:28, 24 қаңтар 2024 259
Алматыдағы зілзала: Елеусізов қуатты жер сілкінісі жайлы ескерткен

Бұған дейін эколог, қоғам қайраткері Мелс Елеусізов Алматыда кез келген уақытта 12 баллдық жойқын жер сілкінісі болатынын айтқан еді деп жазады alash.kz.

«1912 жылы үлкен сілкініс болды. Сол кезде 28 панфиловшылар паркіндегі орыстардың шіркеуі ғана аман қалған. Өте керемет салынған, қираған жоқ. Ал, Алматының барлығы қирады. Енді сондай жағдай болса сұмдық болады. Ғылыми негізде енді кез келген уақытта болуы мүмкін. Себебі, арада 100 жыл өтті, тарих көрсеткендей әр 100 жылда қайталанады. 12 баллдық жер сілкінісінде адамдардың тірі қалу ықтималдығы аз», – деді эколог.

Оның айтуынша, қазіргі үйлерден адам шыға алмай қалуы да мүмкін.

«Совет үкіметі уақытында үйлер 5 қабатты болатын, ал қазіргі 20-30 қабатты үйлер қиын. Физикада «инерция покоя» деген бар. Ол дегеніңіз сейсмикалық толқын төменгі жақта болғанда жоғары жақ толық сақталады. Кезіндегі 5 этаж бекер емес. Қазіргі үйлерде ешқандай сапа жоқ. Негізі халық ақырын-ақырын қайтадан ауылға бару керек. Алматыда тұруға болмайды», – деді ол.

Елеусізовтың сөзінше, жер сілкінісі 12 баллға баратын Индонезия, Жапония, Курил аралдары, Чили елдерінен кейін бесінші біз.

Күні кеше Алматыда 4 балл деңгейінде жер сілкініп, ел көше кезіп кеткен еді.

Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында орын алған. Азанда да 3 баллдық толқын байқалған.

Бірақ ТЖМ мамандары «Алматыда 7 баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейді» деп сендіріп отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар