Alash.KZ редакциясына бес баланың анасы, жалғызбасты Жұлдыз Әлімбетова есімді әйел хабарласты. "Оқырмандардан көмек сұраймын. Пітір садақаларыңызды маған беріңіздерші" дейді әйел.
Көпбалалы ананың айтуынша, бүгінде ол баспанасыз, өте қиын жағдайда өмір сүріп жатыр. Жалдап тұратын үйде ешқандай жағдай жасалмаған. Ауыз судың өзін қар ерітіп ішеді. Үйді балонға құйылған газбен жылытып отыр. Кір жуатын, жататын жері екі бөлменің ішінде. Балаларының болашағы үшін күресіп жүрген ана ел азаматтарынан қолдау күтетінін жасырмады.
Қоғам белсендісі дінтанушы Тұрарбек Құсайынов "Биыл мүфтият Ораза айында жан басына пітір-садақаны 655 теңге деп бекітті. Өзін мұсылман санайтын жандар өздерінің Құдайға деп арнаған пітір-садақасын мұқтаж жандарға, соның ішінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан Жұлдыз Әлімбетованың жанұясына арнаса, үлкен сауапқа кенелер еді" деп хабарласты редакцияға.
Көп балалы анақазақстандықтардан көмек күтеді. Ол сонымен бірге өзінің каспи нөмірін қалдыруымызды өтінді.
Каспи голд:
+77474028969 Жулдыз А
ИИН:
871123403042