Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда мектеперте орын жетіпсеушілігі оңтайлы шешіліп келеді

17:36, 23 қазан 2022 132
Жуырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады. Оңтүстік мегаполис басшысы президентке тоғыз айдың қорытындысы туралы айтып,  қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала есебін берді. 



Е.Досаев президентке  экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ететін тапсырмалардың жүзеге асу барысы жайлы да айтты.  Қуанарлығы, Алматы қаласы тоғыз айдың қорытындысы бойынша әдеттегідей  жеке инвестицияларды тартудың көсреткіші  бойынша еліміздің барлық қаласынан  озық шығып, бірінші орында тұр.  Жеке инвестиция көлемі 22,4 пайызға жетіп отыр. Сонымен қатар  мемлекет басшысына қала әкімі шаһарды 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы туралы да баяндады. Қаланың бас жоспарын қайта пысықтап әзірлеу  жайлы да әңгіме өрбіді.  Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаевқа инженерлік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударуды,  мектептердегі орын тапшылығын төмендетуді,  экономиканы әртараптандыру  жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.



Президенттің  мектептегі орын тапшылығын төмендету турасында айтуы тегін емес. Оңтүстік астанамызда  білім саласындағы негізгі түйткілді мәселенің  соқталысы да  мектептердегі орын тапшылығы. Қаланың агломерациясының аясы кеңейіп, бұрын облысқа қараған елді-мекендер қаланынң территориясына енуі   бұған айтарлықтай әсер етуде. Жыл сайын қалаға қоныс аударып, тұрақтап қалатын адамдар легі және бар.

Мектептердегі орын тапшылығы тек Алматы қаласында ғана емес, еліміздің көптеген аймағында түйткілді мәселе болып отыр.  Бұл мәселені оңтайлы шешіп, түйінін тарқатудың негізгі өзегі – мемлекеттік  жекеменшік әріптестік  бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында Алматы қаласында биылғы  жаңа оқу жылында бірнеше мектептер  ашылып,  білім  айдынына құлаш ұрған  оқушыларды қабылдады. Сондай білім ошағының бірі  Алатау ауданына қарасты  «Томирис» ықшам ауданындағы №205 жалпы білім беретін мектеп.  Бұл мектептің құрылысы былтырғы жылы аяқталған болатын. Жобалық жоспарлы сызбасы бойынша 1500 балаға лайықталып салынған білім ошағында қазіргі таңда тек «Томирис» ықшам ауданының оқушылары ғана емес, сол маңайдағы ауылдардан да балалар келіп білім алып оқып жатыр.  Заманауи үлгіде салынған мектеп үш бөліктен  тұрады.  Әрбір блоктың өзіндік есігі, жеделсатысына дейін бар.  Мысалы С блогында бастауыш сынып оқушылары оқиды. Яғни 1-4 сынып оқушыларының оқу корпусы бөлек тұрғандықтан  жоғары сынып оқушыларымен араласып кетпейді.  Арнайы есіктен кіріп-шығады оқушылар. Екінші  D  блокта  5-9 сынып оқушылары оқыса, үшінші  Е блокта 10-11 сыныптар білім алады.

«Мектепте 68 оқу кабинеті, жаңа модификацияланған кабинеттер саны 3.  Жаңа талапқа сай асхана мен спорт зал, медиатека мен кітапхана бар. Мектеп асханасында бір мезетте 280 оқушы тамақтана алады, бір қабырғасы терезелерден салынған асхананың іші жарық және жылы. Асхана заманауи форматта салынған. Мектепте сыртқы спорт алаң мен ойын алаңдары бар. Мектепте 2 спортзал бар (үлкен және кіші спортзал). Спорт зал спорттық құралдармен жабдықталған. Зал волейбол, баскетбол, кіші футбол және атлетика жаттығуларына ыңғайланып жасалған. Спортзалдар Soud Board шуды оқшаулағыш панельдермен қапталған. Спортзалдарда футболға, волейболға, баскетболлға арналған доптар, қақпалар, шеңберлер, теннис стөлі мен шахмат бар. Мектепте қыздарға арналған тігін машиналарымен жабдықталған тігін шеберханасы, кулинария кабинеттері бар. Ұлдарға ағаш өңдейтін станокпен жабдықталған ағаш шеберханасы, металл өңдейтін станокпен жабдықталған металл шеберханасы, саз балшық және керамика өңдеу дөңгелектері бар. Әр оқу кабинеті заманауи smart тақталармен жабдықталған, бұл тақталардың ерекшелігі әр пәнге қатысты толық материалдар 3D форматында тақтаның ішінде бөлімдерге бөлінген. Әр пән мұғалімі өз сабақтарын қызықты және нақты дәлелдермен SMART тақтаның көмегімен өткізе алады.  Оқушылардың физика, химия, биология сабақтарында практикалық, зертханалық жұмыстар жасауына зертхана кабинеттерінде керекті құралдардың бәрі бар.  Ұстаздар бөлмесі мен медиатека кабинеттері де толық компьютермен жабдықталған. Әр бөлме заманауи модификацияланған жиһаздармен жабдықталған. Кабинеттер өте жарық, табиғи сот форматында салынған. Пән кабинеттері оқу жабдықтарымен, интерактивті және техникалық оқу құралдарымен, арнайы жиһаздармен жабдықталған. Мектеп дәліздері өте кең және жарық. Сонымен қатар, мектепте 5 жастан жоғары балаларға арналған мектепке дейінгі даярлық тобы бар. Әртүрлі материалдармен, көрнекіліктермен жабдықталған ойын бөлмелері бар. Мектепте 50 LED экран бар. Мектеп кітапханасы барлық кітаптармен, оқу құралдарымен жабдықталған. Мектепте оқушыларға арналған үлкен LED дисплейі мен 16 виртуалды очкиі бар жеке шағын киноеатры бар. Мектеп Face ID заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Face ID базасына барлық оқушылар, ата аналардың тізімі мен байланыс телефондары, мұғалімдердің аты жөндері енгізілген. Ата аналар оқушының кіріп шыққаны туралы мәлемет ала алады. Мектепке үш жақтан да кіретін жеке кіру топтары қауіпсіз санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтауға ықпалын тигізеді. Мектеп жан жақты бейнебақылау камераларымен жабдықталған» дейді №205 жалпы білім беретін мектептің  директоры Дәулетова Гүлнара Арыстанқызы.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген білім ошағын еліміздегі таңдаулы құрылыс компанияларының бірі  "KAZPACO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салды.

Жалпы елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының аясында негізінен әлеуметтік  саланың  жобалары жүзеге асырылып жатыр. Қала әкімі Ерболат Досаев оңтүстік мегаполисте мектептегі орын тапшылығының төмендеуіне аталған  бағдарламаның тигізіп отырған септігі орасан зор екенін айтып, келешекте де ауқымды істер атқарылатынын жеткізді. Жалпы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізгі ұстанымы  –еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп,  мемлекет пен жеке серіктес арасына алтын көпір орнату.

Қуан Есім

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?