Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда келіншек он төртінші баласын дүниеге әкелді

06:33, 02 наурыз 2022 278
44 жастағы алматылық келіншек он төртінші баласын дүниеге әкелді.



Мой город басылымының хабарлауынша, сәбидің бойы 55 сантиметр, салмағы төрт келі.

Қазіргі таңда бала мен анасының жағдайы тұрақты.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қан кету қаупі жоғары болғандықтан, босануға перинаталдық орталықтың бүкіл ұжымы қатысқанын айтты.
«Алланың бергенін қуана қабылдаймыз. Біз үлкен отбасымыз. Қазір үлкен ұлым әке болуға дайындалып жатыр. Барлығына көмектескен дәрігерлерге рақмет» дейді қазір жеті ұл мен жеті қыздың анасы Елена Бородюк.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар