Алматыда Тәуелсіздік күніне орай Нархоз университетінің ТЭО ЖПМ ұйымыұйымдастыруымен ICE SCREAM CUP XII республикалық жас пікірсайысшылар турнирі жоғары деңгейде өткізілді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
2025 жылдың 15–16 желтоқсанында өткен бұл турнирге еліміздің әр аймағынан 160 жас қатысушы қатысты.
Жарысқа Қазақстанның 6 аймағынан – Тараз, Шымкент, Алматы облысы, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан командалар келіп, өз бақтарын сынады. Турнирге 80 команда қатысты, ал іс-шараны тамашалауға 500-ден астам көрермен жиналды.
Турнирдің мақсаты – жас пікірсайысшылардың көшбасшылық қабілетін, сыни ойлау дағдыларын дамыту және пікірсайыс мәдениетін насихаттау. ICE SCREAM XII республикалық турнирі 12 жыл бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және Қазақстандағы ең ірі пікірсайыс додаларының бірі болып саналады.
2025 жылғы жеңімпаздар:


Турнир жастарға республикалық деңгейде тәжірибе алмасуға, өз ойларын білдіруге және қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. ICE SCREAM CUP XII жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас пікірсайысшыларды біріктіріп, пікірсайыс мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосуда.