Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда діни шаралар тұрақты өтеді

16:46, 19 қыркүйек 2023 220
 

Қыркүйек айының ортасында Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма бірнеше шара өткізді. Соның бірі дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен және «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының мұрындық болып ұйымдастыруымен, биыл 1 қыркүйекте «Әбу-Бәкір» мешітінің жамағаты арасында «Мақал-сөздің азығы» деген тақырыпта викторина болып өткен.

Сонымен, викторина барысында «Әбу-Бәкір» мешітіне келген халыққа, барлық жамағатқа қазақ халқының рухани байлығы, сөз өнері мақал-мәтелдеріне қатысты әртүрлі қызықты, тартысты сұрақтар қойылып, жамағат арасынан дұрыс жауап берген Алматы тұрғындарына белгілі тарихшы Руслан Сейтқазиев арнайы сыйлықтар берді.

Бұл викторинаның басты мақсаты не? Ұйымдастырушылар мешітке келген жамағатқа қазақ халқының өмірімен біте қайнасып кеткен мақал мәтелдердің мәнін – тоқсан ауыз сөздің тобықтай мәні болатынын түсіндіру еді.

Қыркүйек айы Алматы қаласы үшін діни іс шараларға толы болды дедік. Яғни 18 қазан күні Алматыда Рухани келісім күніне орай «Дін әлеуметтік тепе-теңдік үшін: құмар ойындарға тәуелділікпен күрес» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйінде өтті. Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға әртүрлі діни конфессиялардың жетекшілері мен көшбасшылары қатысты, олардан бөлек, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, түрлі облыстардың жетекші сарапшылары мен мамандандырылған оңалту орталықтарының өкілдері қатысып, ой қосып, пікір білдірді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар