Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Алматы облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті, деп жазады Alash.KZ.
Мәселен, Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.
Олар білім беру саласында нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған.
Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды

“Байғазыға 2 МЛН”: Дипломына бірегей сыйлық алған студент желіні шулатты (ВИДЕО)
20:50, 11 шілде 2025 462
ДАБЫЛ! Каспий суы тартылып барады! Ресейлік мамандар жаңа арал туралы не дейді?
20:10, 11 шілде 2025 744
“Ортаңғы саусағы үшін” - Ер адам жас қызды көшенің қақ ортасында сабап тастады (ВИДЕО)
18:12, 11 шілде 2025 675
“Кинодағы тағдырын қайталады!” - Баян Алагөзованың жас кезіндегі рөлі қызу талқыда
17:31, 11 шілде 2025 470
"Қайта ректор болам деп!" - скрипкашы Айман Мұсақожаева алаяққа пара берген
17:19, 11 шілде 2025 522
Қырғызстанда көп балалы отбасыларға кем дегенде 2 млн теңге берілмек. Ал, Қазақстанда ше?
16:33, 11 шілде 2025 209
“Босаған лауазым, алапат өрт, сәйкестік”: Алматы ТЖ басшысы өз еркімен қызметтен кетті
13:32, 11 шілде 2025 454
“Арабтар не істесе, оны істесін! Қазақтың өз жолы бар!” - Нұрлан имамнан батыл мәлімдеме
12:00, 11 шілде 2025 667
“Жаңбыр адамға сенбеймін!”: Серік Жұманғарин Алтай Айнабекке қатысты селсоқ пікір білдірді (ВИДЕО)
11:36, 11 шілде 2025 550