Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы – Чунцин: Қытайдың ірі мегаполисі саналатын қалаға жаңа әуе рейсі ашылады

16:05, 20 шілде 2026

23 қыркүйектен бастап FlyArystan Алматы – Чунцин бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады, деп жазады Alash.kz.

FlyArystan компаниясының мәліметінше, жаңа бағыт әуекомпанияның Қытайдағы бесінші бағытына айналып, Үрімші, Құлжа (Инин) және Сиань қалаларына орындалып жатқан тұрақты рейстерін толықтырады.

Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2026 жылғы 23 қыркүйекке жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет орындалады: Алматыдан ұшулар – сәрсенбі және сенбі күндері, ал Чунциннен кері рейстер – бейсенбі және жексенбі күндеріне жоспарланған.

«Чунцин бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы саяхатқа сұраныстың артуына орай FlyArystan әуекомпаниясының халықаралық бағыттар желісін жүйелі түрде кеңейту жөніндегі стратегиялық ұстанымын айқындайды. Біз жаңа бағыттарды таңдауға мұқият қараймыз: олар жолаушылар арасында сұранысқа ие болуы, әуе паркінің мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және ұзақ мерзімді даму әлеуетіне ие болуы тиіс. Чунцин осы талаптардың барлығына сай келеді.

Бұл – Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі және осы уақытқа дейін Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы болмаған қала. Екі елдің авиациялық билігі арасында жақында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде, бұл бағытты іске қосуға мүмкіндік туды. Қазақстандық әуекомпанияларының ішінде бұл бағытты алғаш болып FlyArystan ашатынын мақтан тұтамыз»,- деді «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.

Алматы мен Чунцин арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағатты құрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар