Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желіде ақын Жүрсін Ерманға қатысты қызу талқыланған бейнежазбаға пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерманның қазақ өнеріне қосқан өлшеусіз еңбегін атап өтіп, желі қолданушыларын біржақты пікір айтудан аулақ болуға шақырды.
«Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?» – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ақын Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесу сәтінен бейнежазба тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.