Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бәйменов: Қазақ тілі - кедейлер тілі болды

09:46, 22 ақпан 2022 296
 



Қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов Қасқа жол бағдарламсына берген сұхбатында қазақ тілінің елдегі мәртебесі туралы пікір білдірді.

«Қазақ тілінің қатардағы қарапайым халықтың тілі болса, бай мен биліктің тілі – орыс тілі. Ол да қоғамның ішіндегі қайшылықтарды туындатады. Ал қатардағы мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қолда бар ақпаратын өздерінің міндетіне сәйкес басшыларына жеткізіп отыруға тырысады. Бірақ саяси лауазымдағылар: министр, әкімдер өздерін тағайындаған адамның қас-қабағына қарап әбден үйренген. Себебі, оларды тағайындағанда біліміне, білігіне қарап тағайындаған жоқ. Оларды тағайындағанда сол адамға сенемін деп тағайындады. Сол өзіне қызмет етеді деп тағайындады. Бұл жерде біздің саяси жүйенің қайшылығы бар. Оның түбі – 1995 жылғы конституцияда» деді Бәйменов.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=PFHTBGcBDlQ[/embed]





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар