Атырау облысында болған отбасы трагедиясына қатысты жәбірленушілердің жақындары мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Асила Мұқанғалиева өз сөзінде сіңлісі Ақбаян Мұқанғалиева мен 5 баласы туралы айтты.
Ақбаянға барып тұрамыз. Тамағын апарып береміз. Кездеспейміз. Балаларға екі рет барып кеттім. Махамбеттегі Білім басқармасынан рұқсат қағаз керек болған соң, барған жоқпыз. Құда-құдағиларымыз келген де жоқ, кешірім сұраған жоқ. Ең болмаса, алдымыздан өтіп, бір ауыз кешірім сұрап кетуге болатын еді. Келген жоқ!