Бүгін Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II дәрежелі «Барыс» орденін табыстады, деп хабарлайды Alash.kz.
Халық әртісі Ақорданың табалдырығын көп уақыттан кейін қайта аттағанына толқып, өз тыңдармандарына ерекше лебізін білдірді:
«Құрметті менің тыңдармандарым, көрермендерім, туысқандарым! Мемлекет басшысы II дәрежелі «Барыс» орденін маған бүгін табыстады. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі атақ иегері болып жатқаныма өте қуаныштымын! Баршаңызға осындай марапат бұйыра берсін!».