Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германия Қазақстанға экс-көлік прокуроры Дүйсеновті беруден бас тартты

11:04, 21 мамыр 2026
 

Германия Қазақстанға бұрынғы көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бас прокуратура өкілдері істің барлық мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар тергеу шетел мемлекеттерінің құзырлы органдарымен бірлесіп жүргізіліп жатқаны айтылды.

Еске салайық, Германияда Мақсат Дүйсеновке қатысты қылмыстық іс тіркелген болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар