Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында мәдениет және өнер саласының майталмандарын қабылдап, белгілі әнші Мақпал Жүнісоваға жоғары мемлекеттік награда екінші дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент өз сөзінде өнер иесінің қазақ эстрадасы мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оның халық арасындағы, әсіресе нәзік жандылар қауымындағы ерекше орнын атап өтті.
«Бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе, әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырамын».