Елордадағы Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жағымсыз жағдай болды, орта жастан асқан ер адам қыздарға тиіскен, деп жазады Alash.KZ
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, беседкада отырған қыздарға шамамен 50 жастағы екі ер адам жақындаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адамдардың бірі мас күйде болуы мүмкін. Ол қыздарды жібермей, агрессивті әрекет көрсеткен: итеріп, ноутбукты зақымдап, қыздардың бірінің қолын қайырған.
Қыздар оқиға орнынан шығып кетіп, полиция шақырған. Кейін олар құқық қорғау органдарына арыз жазған. Айтуларынша, күдікті полиция келгенге дейін кетіп қалған.
Оқиғаға қатысты қосымша ақпарат алу үшін sadaqmedia редакциясы полиция департаментіне ресми сауал жолдаған.