Ақмола облысында орналасқан Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқыс оқиға кезінде ауыр соққы алған зардап шеккендер жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мерт болғандардың кім екенін және апаттың нақты себептерін егжей-тегжейлі зерттеп жатыр. Аталған факті бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы күзетілетін нысанға заңсыз кіру және абайсызда адам өліміне әкеп соғу бабы негізінде қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамаларды тағайындады.
Полиция департаментінің мәліметінше, апатқа байланысты тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы құзырлы органдардың тікелей бақылауына алынды.