Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Айғайлап, жерге жатып алды. Еш нәрсе істеген жоқпын!»: Сыныптасын зорлады деген 17 жасар жігіт өз шындығын айтты (ВИДЕО)

21:26, 20 мамыр 2026

Танымал журналист Руслан Өтепбай «сыныптасым зорлады» деген 17 жасар қыздың ісі бойынша зерттеу жүргізді, деп жазады Alash.kz.

Журналист 17 жасар қыз айыптап отырған Бекзатхан есімді жігітпен сұхбат құрды:

Басында сыра ішеміз дедік. Сосын ол «Жоқ, арақ ішеміз. Анау-мынау» деді. Ішке кіріп Қызылжар деген арақты алдық бірінші. Үш бала болып, Макси чайға араластырып ішіп отырғанбыз. Өзі арақты көтеріп отырды. Бір кезде ол Макси чайсыз ішсеңдерші деді. Бәріміз солай ішіп бастадық. Екі бала екінші бөтелкені алып келуге дүкенге кетті. Екінші бөтелкені іштік. Сүйтіп, құсып жатты. Туалетке қарай апарып тастадым. Бетін мұздай суға жудым. Өзім жаттым шетте. Бір кезде тыр жалаңаш шықты. Диванға келіп, киімсіз жатты. Жанында жаттым. Еш нәрсе істеген жоқпын. «Құсам, құсамын» деп, туалетке кеткен. «Көмектесіңдер! Зорлап жатыр» деп айқайлап кетті. Мен артынан бардым да, «Ей, сен, жындысың ба?!» деп қолынан тарттым. Айғайлап, жерге жатып алды. Паника күйінде тұрдым. Не істерімді білмей, сыртқа қашып кеттім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар