Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда ер адам кинотеатрда попкорнға қақалып көз жұмды

16:14, 21 мамыр 2026

Оқиға 17 мамырда Алматыдағы Forum сауда орталығында болған, деп жазады Alash.KZ 

Ер адам кино басталар алдында попкорн жеп отырып қақалып қалған. Кейін дәретханаға барып құсып келген соң өзін жақсы сезінгенін айтқан.

Алайда кино залына кірген соң "тамағым жыбырлап тұр" деп бірнеше рет шағымданған. Біраз уақыттан соң "жүрегім қысылып тұр” деп сырт киімін жанындағы адамға ұстатып, аяқ астынан құлап қалған.

Куәгерлер оны жүрегі ұстап қалды деп ойлап, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Өкінішке қарай, жедел жәрдем келгенше ер адам көз жұмған. Куәгерлердің сөзінще, жедел жәрдем 15-20 минуттан соң бір-ақ жеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар